Андықожа батыр ауылында 50 орындық бала бақша пайдалануға берілді.

 Жаңа бала бақша

  «Балдәурен» бала бақшасының құрылысына қаржы аудандық бюджеттен бөлінген. Мұнда бүлдіршіндердің тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалынған.
Бала бақшаның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асқар Қиықов  бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын және тәрбиешілерді қуаныштарымен құттықтап,  сәттілік тіледі.
– Еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеуде ауылдық жерде бала бақшаның ашылуы үлкен қуаныш. Бір жағынан бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамтылып жатса, екінші жағынан бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орны, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар