Тәлімгерлер сыр шертті

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы қаладағы №1 сервистік-техникалық колледжі студенттерінің жұмысшы кәсібін игерген өндірістік тәжірибе шеберлерімен кездесуін ұйымдастырды.

  Анатолий Воржев пен Владимир Новицкий өнеркәсіп-педагогикалық колледжін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолдарын осы колледжде бастаған екен. Жастарды 30 жылдан астам жұмысшы мамандықтарына оқытып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді.     
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметіне 2017 жылдан бастап «Баршаға тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру бойынша тапсырмасын берген болатын. Осы орайда, А.Воржев: «Мемлекет әрбір азаматқа жұмысшы мамандығын тегін игеруге мүмкіндік беріп отыр, жұмысшы мамандықтарын белсенді игеріңдер, айналамыздағы барлық заттар жұмысшылардың қолымен жасалған», – деп жастарға үндеу тастады.
«Жұмысшы мамандықтарын игеру – уақыт талабы. Мектепті бітірген  соң, жастардың біразы университетке түседі, қалғандары колледжге барса, кейбіреулері әскерге кетеді. Ақырында 30 пайызы қалады. Олар не істеуі керек? Жұмысшы мамандығын игеру керек» – деп Елбасының сөзін негізге ала отыра шебер В.Новицкий өз ойы-мен бөліссе, колледждің бірінші курс студенті Ұлыбек Әубәкіров «мен болашақта электр монтаждаушы боламын. Бүгінгі уақытта механик, электрик, дәнекерлеушілердің жетіспейтіні сияқты, қоғамда бұл мамандыққа да сұраныс көп», – дегенді айтты.
Қазақстанның даму стратегиясы экономиканың ең басты ресурстарының бірі – адам капиталын мақсатты дамытуға негізделеді. Ал, қала мен облыстағы кәсіби оқу орындары осы мақсатқа жетудің, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындаудың бастапқы сатысы болып табылады.
Бұл кездесу жастардың аға буынға, жұмысшы мамандықтарына құрметпен қарауына, сондай-ақ, қоғамда ауызбіршілікті, отансүйгіштікті нығайтуға игі ықпал тигізетіні анық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар