Жыр оқылып, ән шалқыды

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ақын Ерболат Баятұлының «Уақыт белдеуі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

 

Жыр кешін ақын Серік Жетпісқалиев ашып, жүргізіп отырды. Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықұлы мен Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледждің директоры Нұртас Ахатұлы жасағаннан кейін автор біраз кітабын кітапхана қорына табыс етті. Кітапхана тарапынан ақынның шығармашылығына арналған «Семсер сөздің сардары» атты көрмеге кітапхана қызметкері Мөлдір Әлкенова шолу жасады. Автордың өлеңдеріне әдебиетші ғалымдар Нұртас Ахат пен Аманжол Есмағұлов ғылыми талдау жасаса, композитор Құмарбек Қалқатаев Құрмет ақынның өлеңіне жаңадан жазылған әндерін орындап берді. Ақынның үзеңгілес досы, қаламгер Құдайберлі Мырзабек «елуден асқанда білім іздеп Алматыға кеткен Ерболаттың бұл ісі жүректілік», –  деген жылы лебізімен, әзілімен серпілтсе, Алмас Темірбай, Оюлы Қуаныш Оспанов, Мерген Тоқсанбай өлеңдерін оқыды.
Кеш барысында бұрынғы ұжымының атынан шапан жауып, құттықтаған облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралыға және жиналғандарға автор жылы лебізін білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар