Музейге бесік сыйлады

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданының тумасы, атақты палуан, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, ардагер ұстаз Мәлгаждар Омаров өзі жатқан көне бесігін тарту етті.

Бесік 1937 жылы әкесі Омар Бейсенбаевтың үлкен қызы  туғанда  арнайы жасалған екен. Бұл бесікке Омардың  үш қызы, екі ұлы және  немерелері бөленіпті. Мәлгаждар Омаров үш әпкесінен соң төртінші болып осы бесікте сәби шағын өткізген. Бұдан кейін бесікке Мәлгаждар ағаның балалары, немерелері бөленген. Сондай-ақ, музейге спорт саңылағының осы саладағы жетістіктері мен еңселі еңбегінің арқасында алған біраз марапаттары да қоса тапсырылды.

Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің
 ғылыми қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар