Таң қалатын ғажайыптар

Сіз тәтті қиялдарға беріліп, ғарыштарды кезіп, ақылға сыйымсыз әрекеттер жасап көрдіңіз бе? Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі ақыл-ойын күнделікті күнкөріс қамы мен тұрмыс әрекетіне ғана байлап қояды. Сондықтан, олар кеуделерінде жасырынып жатқан шексіз мүмкіндікке толы бұла күштің барын ешқашан сезбей өтеді. Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазған, тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды. Ақылға сыйымсыз осындай ғажайыптар жасаған адамдар тарихта аз болмаған. Олар бізге қарағанда ерекше жаратылған. Ал, біз менің қабілетім де, талантым да жоқ, қарапайым пендемін деп өзімізді өле-өлгенше тар қапаста шектеумен өткіземіз. Адамдардың көбі өкінішке орай, дәл солай жасайды да. Бойыңызда бұғып жатқан буырқанған бұла күш пен арманыңыздың асқарына жеткізер мүмкіндіктерді ашатын кілт – ақыл-ой санаңыздың көкжиегін кеңейту, дейді американдық миллионер, «Өз стандартыңды көтер» курсының авторы Алекс Яновский.

 

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар