Спорт үйірмесі ашылды

Ерейментау ауданындағы Олжабай батыр ауылында  жеткіншектер қуанышқа бөленді. Степногорскідегі Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат Дастан Рақышев ауылда еркін күрес үйірмесін ашып, балаларды спортқа баулуда.

  Облыстық, республикалық жарыстарда талай мәрте жүлделі орынға ие болған жас палуанның балаларға үйретері де көп. Бүгінде алпысқа тарта мектеп оқушысы бапкерден тәлім алып, еркін күрес пен қазақша күрестің қыр-сырын меңгеруде. Елдің ертеңгі тізгін ұстары – жас ұрпақтың спортқа ынталылығы көңіл қуантады. Рухани жетілген, дені сау, тәні шымыр жас ұрпақтың болашағы да жарқын. Осындай игі іске мұрындық болған аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжановқа, ауыл әкімі Хасамхан Хавджәлелге, мектеп директоры Сәуле Назарбековаға жұртшылық дән риза. Ертең ауылымыздың ғана емес, аудан, облыс, тіпті еліміздің атағын шығарар спортшылар  ауыл мектебінің жанындағы үйірмеден тәлім алып жүрген балалардың арасынан шығады деген үміт бар.
Игілік БАЛКЕНОВ.
Олжабай батыр ауылы,
Ерейментау ауданы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар