Жас балуандар бағын сынады

Ақкөл қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне орай, қазақ күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстың іріктеу чемпионаты және 2004-2005 жылы туған балалар арасында облыстық турнир өткізілді.

  Ақпан айының басында өткен жарыстың мақсаты Ауғанстан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және қазақ күресін кеңінен насихаттау, жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасумен қатар жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының   чемпионатына облыс құрама командасын жасақтау болды.
Жарысқа Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Сандықтау, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын, Жарқайың, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан келген 170 жас балуаннан құралған  14 команда қатысты. Салмақ дәрежесіне қарай жеңімпаз атанған балалар жігерленіп, рухтары серпіліп қалды. 29 келі салмақ дәрежесінде Целиноград ауданынан Дүйсенов Әділхан жеңіске жетсе, 32 келі салмақ дәрежесінде Ақкөл ауданынан Жүсіпов Дияр чемпион атанды. 35, 38, 42, 46 келі салмақ және 46 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ақкөл ауданынан Төсекбай Аян, Көкшетау қаласынан Совет Темірлан, Зеренді ауданынан Мұғжанов Расулбек, Ақкөл ауданынан Мұхтаров Табиғат және Қорғалжын ауданынан Төлеген Ерасылдың жұлдызы жоғары болды.
Ал, тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен жасөспірімдерден үздік шыққандар ертең республикалық турнирде облысымыздың намысын қорғайтын болды.  

Мерген ТОҚСАНБАЙ.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар