Ұжымда абыройлы

Адал еңбегінің арқасында өмірдің талай өткелінен өтіп, алғыс арқалаған жандар арамызда аз емес.

Қандай қиындық кездессе де маңдай терін төге жүріп, биік белеске ұмтылған жандар еңбек арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп жүр. Нарық заманында кәсібін жақсы меңгеріп, айналасындағыларға көмегін тигізіп жүргендер іс тетігін жақсы біледі. Бүгінде талай жандарға үлгі болып жүрген Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжінің қызметкері Күляжан Ахметова бар табыс пен береке еңбекпен келетіндігін өз ісімен дәлелдеген жан.
Еңбектің наны тәтті екенін жақсы білетін ол жан-жақтылығымен, ісіне деген адалдығымен кәсіби шеберлігінің арқасында абыройға ие. Бұл – құрғақ сөз емес. Қызмет жолын Еңбекшілдер ауданындағы туған ауылы Кеңащыда лаборант болып бастаған ол 1979 жылы Целиноград қаласына қоныс аударып,  элеваторда бухгалтерлік қызметке араласты. 1990 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжінің есепшісі болып, 26 жыл бойы жемісті қызмет атқарып келеді. Бухгалтерлердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын тек қана ұжым ішінде ғана емес, студент жастар бойына да сіңіре білген, Күляжан Баймолдақызының еңбек етудегі кәсібилігі бұл мамандықтың мәртебесін арттырғаны анық.
Мінезі жайлы, сабырлы да салмақты, көпшілік ортаға сыйлы әріптесіміз бүгінде аяулы жар, ардақты ана, асыл әже. Отбасылық өмірде де, қызметте де бір шаңырақ, бір білім ордасында қосағымен бірге жүрген Тілеуғабыл Иманбайұлы колледжіміздің абыройлы азаматы, ұлағатты ұстазы. Тәрбиелеген екі қызы да педагогикалық колледжіміздің түлектері.
Кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білгендігі үшін Күляжан Баймолдақызы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты, Ақмола облысы мәслихатының Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Әріптесіміз зейнет жасына толып отыр. Олай болса, алдағы уақытта да абыройы биіктей берсін дейміз.

Жанар АУАРИРИНА,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің кадр инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар