Халыққа көмек жобасы

 «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалында «Партиялық мониторинг» акциясы өткізілді.

  Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ермек Маржықпаев, филиал  саяси кеңесінің бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияның облыстық және қалалық филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Ермек Маржықпаев сөзінде бүгінгі таңда Елбасы тапсырмасымен аймақта әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіліп жатқаны туралы хабардар етті. Есеп беру кездесулері – сындарлы диалог негізінде тұрғындардың өзекті мәселелерін айқындап беретін маңызды құрал.  Партияның қалалық филиалының төрағасы өткен жылдың қала ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Барлық салалардағы оң өзгерістермен қатар, орын алып отырған  өзекті мәселелерді айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның бастылары – «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласы мен «Нұр Отанның» XVII съезіндегі Елбасының сөйлеген сөзі шеңберінде айтылған тапсырмаларды орындау.  Сонымен қатар,  ол тұрғындарға берген есеп барысында жиі көтерілетін мәселелер ішінде – жылу электр орталығының құрылысы, қаладағы шағын аудандардың санитарлық, экологиялық жағдайы, абаттандыру жұмыстары, көпқабатты тұрғын үйлерге газ тарту және тағы басқалары бар екенін айтты. Бұдан басқа, аталмыш сұрақтар және де өңірдегі аудан мен қалалардың әкімдері өткізген есеп берулер барысында қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстар нұротандықтардың бақылауына алынады, – деді шешен өз сөзінде.
– «Партиялық мониторинг» жобасы – бұл барлық әкімдер алдында тұрғындар көтеретін көкейкесті мәселелерді шешуде партия тарапынан көмек көрсету. Ешбір өтініш ескерусіз қалмайды. Партияда тұрғындардың мәселелерін шешуге қажетті мүмкіндік бар. Сонымен қатар, азаматтар үшін партияның қоғамдық қабылдаулары да зор жәрдем мен демеу көрсететін тірек», – деп баса айтты қалалық филиал жанындағы  партиялық мониторинг тобының төрағасы Асқар Ақбаров.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар