Тіс ауруынан қалай арылуға болады?..

Тіс ауруы ең кең таралған ауру. Онымен еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ауырады. Кеңес заманында оған жұрт онша көңіл бөле қоймайтын, өйткені емдеу тегін болатын. Қазір тіс ауруын емдету қалтаға салмақ түсіреді.

  Тіс ауруына қарсы адамдар тісін арнайы пастамен тазартып, тісті залалсыздандыратын сағыздарды пайдаланып жатады. Бірақ, соған қарамастан, тіс ауруы уақыты келгенде шақырусыз қонақтай бізді әбігерге салатыны бар. Сондай жағдайда не істеу қажет? Тіс дәрігеріне көрініп, ауырған тісті мыңдаған теңге ақшаңды беріп жұлғызу керек пе, әлде онан да көп шығын шығарып, пломба салдырып емдеткен жөн бе?
Тіс ауруына қарсы халық емі
Қазіргідей медицина дамымай тұрған бұрынғы заманда да адамдар тіс ауруымен ауырған. Ол кезде  тіс ауруына қарсы түрлі шөптер мен тұнбаларды пайдаланып, сол арқылы дерттен арылатын болған. Қазір де тіс ауруына қарсы халық емін пайдалануға болады.
Халық емінің бір артықшылығы сіз ақша төлемейсіз және ағзаңызға теріс әсерін тигізетін залалды ауыртпайтын (есірткілік) заттар қабылдамайсыз, ең бастысы, тісіңізді жұлдырып, тістен айрылмайсыз және халық емі кәдімгідей тіс ауруын басуға игі ықпалын тигізеді. Өйткені, ол жүздеген жылдар бойы тәжірибеден өткен тәсіл.
Сарымсақ арқылы емдеу
Тіс ауруына қарсы емде сарымсақ ең нәтижелі емдік құрал ретінде жиі қолданылады. Бұған оның қолжетімділігі де себеп болса керек. Сонымен, тісіңіз ауырған жағдайда, сарымсақты алып, оның қабығын суы шыққанға дейін аршыңыз. Содан кейін сарымсақты ауырған тісіңізге немесе иек қызыл етіне қойыңыз. Оны тісіңіздің ауруы басылғанша алмаңыз. Қызығы сол, сарымсақ тістің ауруын әп-сәтте басады екен.
Тіс ауруына қарсы, сондай-ақ, сарымсақтың туысы пиязды да пайдалануға болады. Ол үшін аршылған пиязды ауырған тісіңіздің қарама-қарсы жағындағы тіске, не қызыл иекке қойып, ауру басылғанша ұстап тұрыңыз.
Тісті тұзды су арқылы шаю
Бір стақан қайнаған суға (ыстық емес, жылытылған бөлме температурасындағыдай) бір шәй қасық тұз салып жақсылап араластырыңыз. Еріген ерітіндіге тісіңізді шайыңыз. Шайғанда ауырған жерге баратындай етіп, асықпай және ұзақ шайғаныңыз жөн. Тұзды су ауруды басып, қанның ағуын тыяды. Жалпы тұзды суды тек тіс ауырған кезде ғана қолданбай, күнде кешкілік тамақтан кейін аузыңызды үнемі шайып жүруді әдетке айналдырсаңыз, тіс ауруынан аулақ боласыз.
Тіс ауруының
алдын алу
Ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмаудың амалын жасау әлдеқайда тиімді болатыны белгілі. Осыған орай, тісім ауырмасын десеңіз бірқатар пайдалы кеңестерді жадыңызда ұстасаңыз артық болмайды. Бүгінде тіс пасталары туралы, оның кереметтігі жөнінде жарнамалар өте көп. Шындығында, тіс пастасымен күнде, тіпті кейбіреулердің күніне екі рет тазарту қажет дегені дұрыс емес.
Тіс пастасының тіске жиналған микробтарды тазартуға игі әсері болғанымен, оны жиі пайдалану тіс эмалын жұқартады. Ол жұқарған соң тесіліп, тіс ауруы пайда болады. Сондықтан, тіс пастасымен әрі кетсе аптасына бір рет тісіңізді шайсаңыз жетеді. Ең бастысы, тамақ ішкен соң міндетті түрде тісіңізді жылы сумен шайып отырыңыз және жатарда тұзды жылы сумен аузыңызды шайыңыз. Оған қоса, тіске массаж жасау, яғни, тісіңізді шықырлатып қайрау, немесе бір-біріне соғу сияқты әрекет жасау қажет. Ол тістің қызыл иекке бекуін қамтамасыз етуге және эмаль қабатын қалыңдатуға игі әсер етеді.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар