Қазірден қолға алынуда

Сандықтау ауданында көктемде қардың еруіне байланысты туындайтын қатерді болдырмау шаралары қазірден ойластырылуда. Бұл үшін аудандық әкімдік арнайы қаулы  қабылдады.

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша биыл солтүстік аймақтарда қар жылдағыдан 1,5-2 еседей артық түскен. Бұл көктемде болар су тасқыны қауіпін күшейте түседі. Осы орайда, ауданда апаттың алдын алу жөніндегі арнайы штаб құрылды. Су жолдарын аршып тазарту,  мұздарды жару сияқты апатқа жол бермейтін  шараларды жүргізуге бір миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сондай-ақ, тұрғындардың арасындағы түсіндіру жұмыстарына да жете назар аударылуда.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар