Ардагерлер алғысы

 

Тельман Мұқышев, партия, білім саласының  ардагері:
– Көкшетау қаласының тұрғыны ретінде мен мынаны айтсам деп едім. Бір кезде бәріміздің жүйкемізді жұқартқан жылу мен жарықтың берілуінен қазір біздің қаламызда ешқандай проблема жоқ. Өзім күн сайын таңғы сағат 6-дан тұрып алып, денсаулығым үшін бірнеше шақырым жаяу жүріп келетін адаммын. Сол кездің өзінде көшеде қар тазалайтын техника жұмыс істеп жатады. Қала шаруашылығының осылай түзелгеніне сізге мың алғыс.
Біз өз өмірімізде талай әкімдерді көрдік. Жақсысы есте қалады, мардымды жұмыс істемегендері ұмытылады. Егер Ақмола облысында бірінші рет әкім болып тұрғаныңызда сіз қолға алмасаңыз, қазір орталықтағы әсем де еңселі қазақ театры болар ма еді, болмас па еді. Облыс орталығындағы жаңа мешіттің де құрылысы ұзаққа созылып кетіп, тек өткен жылы сіздің келуіңізбен ғана пайдалануға берілді.  Осының бәрін ел үшін атқарып жатқан еңбегіңіз деп білеміз. Алда да осындай жақсы істер өз жалғасын таба беруіне тілектеспіз. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар