Өткен сенбі күні қалалық Достық үйінде ауған соғысының ардагері Микаил Цуровты еске алу кеші болып өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты.

Ер есімі – ел есінде

«Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған еске алу кешіне марқұмның туған-туыстары, жанұясы, жолдас-тары, ауған соғысының ардагерлері мен этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері жиналыпты.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов марқұмның туыстарына көңіл айтып, өңіріміз үшін бұл орны толмас қаза екендігін жеткізді. Микаил Цуровтың өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болмақ. Ол өзінің қысқа ғана өмірінде біршама істерді тындырып үлгерді, алайда арманы көп еді. Тағдыр оған жеткізбеді. Одан кейін сөз сөйлеген ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай, марқұмның інісі Иса
Султигиев, қалалық ингуштер диаспорасының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Гирихан Точиев, «Патриот КZ» қоғамдық қорының жетекшісі Александр Оздравин, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев пен қарулас достары Микаил Суламбековичтің жарқын істері жайлы айта келіп, оның асыл бейнесі әрдайым жүректерінің төрінен орын алатындығын жеткізді.
Шара барысында қарулас жолдастарының Микаилге шығарған әні шырқалып, ол жайлы бейнероликтер көрсетілді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар