Сайлауды байқаушылар бақылайды

 Ақмола Медиа орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау үдерісін байқау мәселелері туралы семинар-тренинг өтті. Шараға сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Тамара Ширмер қатысты.

  Семинар-тренингті ашқан облыстық комиссияның төрағасы сайлау науқаны кезінде заңнан ауытқушылыққа жол бермеу қажеттігін баса айтты. Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Тамара Ширмер комиссия жұмысы жайлы баяндап өтті. Комиссияның ең негізгі міндеті – сайлаушылардың таңдау құқын шектемейтін, әділетті сайлау өткізуге ықпал ету. Осы кезеңде елде болған барлық президенттік және парламенттік сайлауларда ол өзінің белсенді әрекетін танытты. Біздің байқаушыларымыз елдегі барлық сайлау учаскелерін қамтиды, осының өзі де сайлау үдерісі үшін өте маңызды, – деді ол.
Шара барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, байқау комиссиясының мүшелері оларға толымды жауаптар берді.
Семинар-тренигтен соң Тамара Ширмер және облыстық комиссияның төрағасы мен мүшелері Мәлік Ғабдуллин атындағы
№3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназия-сы мен «Достар» мәдениет сарайында болып, сайлау учаскелерінің жай-күйімен танысты.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар