1 наурыз – Алғыс айту күні

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуінің негізінде 1 наурыз – Алғыс айту күні болып белгіленді.
2015 жылдың сәуір айында Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстанға көптеген ұлт өкілдерінің жер аударылғанын еске алған еді. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдыма әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды, өздері аш, киімдері жыртылған, тозып кеткен. Бұл жанұя біздің отбасымызда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғысын айтып өтті. Мен сол жанұяның балаларымен дос болдым,– деп еске алған еді сол күндерді Қазақстан Республикасының Президенті үлкен тебіреніспен. Тұтастай еліміз бо-йынша мұндай мысалдарды жүздеп келтіруге болады.
Сондықтан да, биыл тұңғыш рет атап өтілгелі отырған Алғыс айту күні көпұлтты елімізде жан-жақты көрініс тауып отырған ұлтаралық келісім мен татулығымызды одан әрі нығайтып, Қазақстанды мекендеп отырған әртүрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығы мен құрметінің одан сайын терең көрініс таба түсеріне дәнекер болары анық.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар