Әріптестіктің берері мол

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басқарма төрағасы А.Ойнаровтың  брифингі болып өтті.

Баяндамашы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын кеңінен баяндады. Азамат Ойнаровтың айтуынша, қазіргі уақытта  әріптестік аясында 102 жоба қолға алынған. Аталған жобалардың ішіндегі сегізі республикалық деңгейде, 94-і жергілікті деңгейде жүзеге асырылуда. Бір атап өтерлігі нысандардың жартысынан астамы білім беру саласын қамтыған. Сондай-ақ, басқарма төрағасы  мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың жол картасы наурыз айында дайын болатынын айтып өтті. Жобалардың басым бөлігі Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі екен.
Облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде құны 24,4 миллиард теңге болатын 52 жоба  іске асырылмақ. Мұнда балабақша – 28, мектеп – 2, денсаулық сақтау – 2, мәдениет және спорт саласы – 8, тұрғын үй-коммуналдық саласы – 7, көлік инфрақұрылымы саласы бойынша 3 нысанды салу, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын абаттандыру  мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің жатақханаларын жөндеу сынды жобалар бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
жүктеген міндеттердің үдесінен шығу үшін құрылған  мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аймақтық орталығына жеке кәсіпкерлерден 52 жобаны жүзеге асыруға ұсынымдар келіп түскен. Оның 27-сі Целиноград ауданында қолға алынбақшы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар