Пайдалы шара

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» акциясы өткізілді.

Аталмыш акция «Нұр Отан» партиясының филиалдарында тұрақты өткізіледі. Жұмыссыз тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына септігін тигізу үшін ақыл-кеңес беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл игілікті іс жыл сайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен және жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе өткізіледі. Тұрғындардың барлығы бірдей жұмысқа орналасудың арнайы бағдарламалары бар екендігінен хабардар бола бермейді. Атап айтсақ, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері үшін алғашқы еңбек жолын бастауға мүмкіндік беретін жастар практикасының пайдасы мол.
Облыс бойынша бұл шараға жүзден астам адам қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар