Болашақ жұмысшылар байқауы

Облыстық филармонияда «World Skills Kazakhstan» аймақтық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы болып өтті. Оған  облыс аумағындағы кәсіби-техникалық мамандықтарға оқытатын оқу орындарының жүзге тарта оқушылары қатысты.

 Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мәселесіне жете көңіл бөлу қажеттігі аталып өткен еді. Бүгінде әлемнің 72 елін қамтып отырған жұмысшы мамандары арасындағы  «World Skills»  байқауына Қазақстан 2014 жылдан қатысады. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған бұл шара біздің елімізде де қызу қолдау тауып отыр. Әрбір екі жылда өткізіліп тұратын халықаралық жарысқа іріктеу болып саналатын аймақтық байқауда 14 мамандық бойынша  үміткерлер бақ сынас-ты. Олардың арасында пісіру технологиясы,  шаштараз ісі, кірпіш қалау, аспаздық, мектепке дейінгі бала тәрбиесі, токарьлық іс, тағы басқа бүгінде еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие
мамандықтар бар.
Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова конкурс жеңімпаздарын құттықтап, арнайы дипломдармен марапаттады. Аймақтық жарыста жеңіске жеткендер таяу арада Астанада өтетін республикалық біріншілікке қатысып, бақ сынайтын болады. Ал, онда жеңіс тұғырына көтерілгендер биыл жазда Сан-Паулуда өтетін әлемдік конкурсқа қатыспақ. Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын өткен әлемдік сайыста степногорлық колледж оқушысы Әділет Тәкежанов «Токарьлық іс» аталымы бо-йынша жүлдегер атанған болатын. Бүгінгі аймақтық жарыс жеңімпаздарының арасынан республикалық және әлемдік конкурстың жүлдегері атанатындар шығады деген
үміт бар.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар