«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: 4 және 14-бағдарламалар бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және  есеп беру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бюджеттік өтінімді құру, шығындарды жоспарлау және мемориалды ордерлерге арналған құжаттарды дайындауға қатысу. Салықтық есеп беру.

Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. Негізгі құралдардың есебін және есептен шығаруын жүргізу. Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтар бойынша түгендеуді өткізу. Қызметкерлер мен техникалық персоналдың жұмыс уақыты табелінің есебін жүргізу. Еңбекақы төлемін уақытында есептеу және төлеу. Жұмысқа жарамсыз парақтар бойынша сауықтыруға жәрдемақы ресімдеу және есептеу. Жоспарланған мемлекеттік сатып алудың көлемі мен жинақ номенклатурасын нақтылау және құру. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы мәселесі бойынша мониторинг жүргізу. Активтердің, құны төмен, тез тозатын заттар мен басқа да құнсыз заттар сақталатын жерлердің сақталуын жүзеге асыру. Құнды материалдың есебін жүргізу және есептен шығару. Зейнетақы қорларына аударылатын ай сайынғы жарналардың есеп карточкасын жүргізу. Іс-сапарлар шығындарын ресімдеу және есебін жүргізу. Бөлім басшылығымен тағайындалатын басқа да өкілеттіктерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) салалары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
2. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), санаты E-R-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауданда мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін үйлестіру. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуын бақылау. Іс-қағаз құжаттарын екі тілде жүргізу. Ономастика мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын жүргізу. Тілдерді дамыту мен қолдануға арналған аудандық бағдарламасын дайындау, оны бекітуге ұсыну және оның орындалуы мен жүзеге асырылуын бақылау. Тілдерді дамыту мен мәдениет саласында үйлестірілетін мәселелер бойынша ақпараттық-сараптама жұмыстарын жүзеге асыру және есеп жүргізу. Жоғары органдардың құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілерді, Президент пен Үкіметтің, облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік мерекелерге, мерейлі және атаулы күндерге мәдени іс-шаралар дайындау, театрландырылған іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырып өткізуге қатысу. Бөлім басшысы анықтаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлар мен еске алу күндеріне арналған мәдени шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Бөлім басшылығымен тағайындалатын басқа да өкілеттіктерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылым немесе өнер салалары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы
№06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу ережесі және конкурстық комиссия құру» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш; 2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлемдегі фотосуретпен толтырылған сауалнама; 3) нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 4) нотариалды куәландырылған жұмыс істегендігін растайтын құжаттардың көшірмесі; 5) белгіленген үлгідегі (№ 086/У) денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде іс-қимылдағы тесттен өткендігі туралы сертификат.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссия оны қараудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілетін жоғарыдағы 3) және 4) – тармақтағы құжаттарды өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналдарды (кадрлар қызметі) басқару  қызметі куәландырады.
Пікір алысуға жіберілген үміткерлер оны Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің аппаратында үміткердің пікір алысуға жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Қонкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсыру қажет.
Бірыңғай конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу үшін конкурс жариялаған мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне жолығу керек.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер, жалдау және тағы басқа) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Мекен-жайы: 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 94. Анықтама телефоны: 8 (716-38) 2-17-36, электрондық пошта: akkol_up@mail.ru

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар