Көп жайға қанықты

Көкшетау техникалық институтында Қарағанды облысының орта арнаулы және жалпы білім беретін оқу орындары мен Көкшетау қаласы оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.

 

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен  жыл сайын 1 наурыз – Халықаралық азаматтық қорғаныс күні болып белгіленген. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты колледж, лицей және мектептердің 9-10 сынып оқушыларын институттың тыныс-тіршілігінен хабардар болуға шақырды.
Қонақтар институт қызметімен таныс-ты. Алдымен институттың салтанат залында оқушыларға құтқарушылар жайлы деректі фильм көрсетілді. Кейін институт кітапханасында оқушылар Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының тарихы мен қалыптасуы, оның ұстанымдары мен ұйымдастыру тәртібі туралы ақпарат алды. Кафедралар бойынша экскурсиялар өткізіліп, оқушылар оқытушы-профессорлық құраммен кездесті.
Институт ауласында күндізгі оқу бөлімінің 3-курс курсанттары қару-жарақпен ойын көрсетті.  Олар апаттық-құтқару жабдықтарымен және техникасымен, жеке қорғау құралдарының үлгілерімен, оқу үдерісінде пайдаланылатын ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысты.
Сонымен қатар, институттың оқу, өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру техникасымен, өрт сөндірушілердің арнайы киімдерімен, құтқарушылардың жабдықтарымен танысып, олардың жұмысы туралы естіп білді.
Ал, түстен кейін  Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайын көріп, тамашалады.
Жалпы, бұл іс-шара кәсіби бағдар беру түрінде ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерімен таныстыру, еліміздің Төтенше жағдайлар комитетінің жұмысын халыққа жеткізу,  ақпараттандыру үшін ұйымдастырылғандығын атап өткіміз келеді.

Мерген Тоқсанбай

Суретте: институт курсанттары өрт барысындағы жедел іс-қимыл жаттығуын көрсетуде.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар