Дайындық көптік етпейді

Көктем айларында табиғаттың тосын мінез танытатыны баршамызға белгілі. Күн жылынып, соның салдарынан қыста жауған қардың күрт еруі небір төтенше жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Сол себепті, құтқару қызметінің мамандары кез-келген оқиғаға дайын болуы үшін елімізде жыл сайын «Көктем» оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы «Көктем-2016» шарасы аясында аудандағы авариялық-құтқару қызметі мамандарының қатысуымен Есіл өзенінің тасып кетуін болдырмауға байланысты бірқатар жаттығу жұмыстары өткізілді.  
Оның барысында төтенше жағдайға жұмылдырылатын арнайы техникалардың жарамдылығы тексеріліп, құтқарушылардың да дайындықтары бір пысықталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар