Партиялар пікірсайысы өткізіледі

2016 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 16 наурызда «Хабар» телеарнасында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың пікірсайысын өткізу туралы қаулы қабылдады және осы пікірсайысты өткізудің регламентін бекітті.

Пікірсайысқа қатысу үшін сайлауға қатысушы әрбір саяси партиядан бір өкілден шақырылады.
Қатысушылар жеке басты қаралаудан, саяси партияның, оның мүшелерінің намысына, абыройы мен іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін сөз айтудан, басқа саяси партиялардың өкілдерін кемсітуден аулақ болып, жалпыға бірдей қабылданған әдеп нормаларын сақтауға тиіс.
Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiруді, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ, заңнамада көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 14 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы-на халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі екі Миссияның, екі халықаралық ұйымның және 29 шет мемлекеттің тағы 207 байқаушысын аккредиттеді.
Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 89 байқаушысы, ТМД-дан Миссияның 8 байқаушысы, 14 – Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан, 17 – Түркітілдес елдер ынтымақтастығының Кеңесінен, 79 – шет мемлекеттен.
2016 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша  Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің барлығы 815 байқаушысын аккредиттеді.
Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 286 байқаушысы, ТМД Миссиясының 301 байқаушысы, 9 – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Миссиясынан, 75 – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан,
14 – Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан, 17 – Түркітілдес елдер ынтымақтастығының Кеңесінен, 3  – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8 – Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, шет мемлекеттерден 102 байқаушы.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 29 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 140 өкілін аккредиттеді.
Осылайша, қазіргі уақытта 955 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар