Игілік әкелді

Барлық шаруа қаржыға келіп тірелетін нарық заманында қалталы инвесторлардың қолдауы қай жерге де аса қажет.

Өткен жылы ауданға келген инвестор – «Нұр Астық kz» төрт шаруашылықты басқаруға алып, олардың жұмысын қысқа мерзімде биіктерге көтерді. Аудандағы іргелі шаруашылықтар санатындағы «Бектау», «Арал-төбе», «Новоселовка» және «Төңкеріс» серіктестіктері инвестордың басқаруына көшті. Инвестор бірден жаңа техника алуға және агротехникалық шаралар үшін қаржы бөліп, жұмысқа кірісіп кетті.
Жүргізілген агротехникалық шаралардың нәтижесі де бірден көрінді. Өткен күзде аталмыш шаруашылықтар гектарынан 13,2 центнерден өнім жинады. Машина-трактор паркін жаңғырту үшін қырық миллион теңгедей қаржы салған инвестор биылғы көктемгі егіс науқанына әзірлікке жете көңіл бөлуде. Қыста 7 мың гектар жердің қары тоқтатылса, 20 мың гектар алқапта пар жыртылды. Қазір техниканы егіс жұмыстарына әзірлік сапына қойылуда

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар