Орны сақталады

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев және жергілікті  ірі  кәсіпорындар басшыларының қатысуымен  үш жақты меморандумға қол қойылды. 

Жұмыс орындарын қысқартпау туралы жасалған меморандумға қала әкімдігі,  «Степногорск тау кен металлургия комбинаты», «Целингормаш», «Степногорск – энергокешен»  және «Қазақстанның жылыжай технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары және жергілікті кәсіподақтар қатысты.
Меморандум кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне,  тұрақты жұмыс орнын сақтауға және өңір экономикасының дамуына кепіл болмақ. Сонымен қатар, аталған құжатта өңірде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді де шешу қарастырылған. Мұндай меморандум алдағы уақытта қаладағы өзге де ірі кәсіпорындармен жасалынатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар