Іздеу саламыз!

Мен, жиені Құрмангүл Қуанған нағашым Ікірә Тоққожаұлын іздеп, қолыма қалам алып отырмын. Ол кісі Қытай Халық Респуб-ликасында туып, 1961 жылы із-түзсіз жоғалып кетеді. Кері саясаттың салдарынан қазақтың бетке ұстар азаматтары ұсталып жатқанда, Қытайдың Алқабек Білезік деген жерінде қамауда жүрген төрт кісі Қазақстанға қашпақшы болады. Бізге жеткен деректерден солардың екеуі қаза тауып, қалған екеуі аман қалған деседі. Бірақ, біздің нағашымыз аман қалды ма, жоқ па, білмейміз.
Дегенмен, бертінірек «Азаттық» радиосынан берілген бір хабарда Ікірә Тоққожаұлы Ақмола облысының бір елді мекенінде тұрады деген деректі туыстарымыздың құлағы шалып қалады. Бұл кеудеміздегі үміт отын қайта жандырып, нағашымызды тағы да іздеуімізге ой салдырып отыр. Мүмкін, ол кісі осы жақта аман-есен жүріп жатқан шығар, мүмкін ұрпақтары бар шығар. Қалай болғанда да, нағашымыздың бір дерегін тауып, кездескіміз, жүздескіміз келеді. Ол кісіге деген сарытап сағынышымыз жыл сайын ұлғаймаса, азаймақ емес. Нағашымыз Ікірә Тоққожаұлы, оның ұрпақтары туралы білетіндер болса, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына немесе Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Тайбай ауылында микрорайон 42 үй, 1 пәтер мекен-жайы бойынша тұратын біздерге хабарласса екен. Бір дерегін асыға тосамыз!

Құрмангүл Қуанған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар