Белсенді жұмысқа кірісті

Ақмола облысы  Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дулат Нұрмолдиннің төрағалық етуімен Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтті.

Мәжілісте кеңес мүшелері алдымен экономика және бюджет жөніндегі комиссия мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның құрамдарын бекітті. Одан әрі Қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
Бұдан кейін кеңес мүшелері Қоғамдық кеңеске келіп түскен нормативтік-құқықтық актілерді қарады. Кеңес төрағасы Дулат Нұрмолдиннің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде кеңестің қарауына осындай 138 жоба келіп түскен. Кеңес мүшелері олардың бірқатарын талапқа сай әзірленбеуіне байланысты бекітпей, кері жолдау жөнінде шешім қабылдады. Ал, 15 бөліктен тұратын мәселелер негізінен бекітіліп, алдағы жаңадан шақырылатын облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылатын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар