Оңтүстік Кореядан жеңіспен оралды

 Ақмол ауылындағы №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ераман Талапқанұлы «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды.

  Наурыздың 1–8 күндері аралығында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласындағы Солбридж университетінде өткен әлемнің дарынды оқушылары жиналған зияткерлік сайыста регламенттен тыс 40 минутқа созылған ғылыми жоба сәтті қорғалды. АҚШ-тан келген Джефри Миллер (PhD) бастаған қазылар алқасы Ераманның еңбегін жоғары бағалап, 1-ші орынға лайық деп тапты.
Ғылыми жоба «Тіл білімі» секциясында «Дара тұлғалы антропонимдердің нормалануы» тақырыбында қорғалды. Онда адамзаттық тіл теориясына жаңа көзқараспен қарау ұсынылды. Осы жеңісінен кейін Ераман еліміздегі жоғары оқу орындарына ҰБТ емтиханынсыз қабылданатын болып отыр. Ал, ғылыми жобаға жетекшілік жасаған ұстазы Ыбырай Тұрановқа Ы.Алтынсарин төсбелгісін беру туралы ұсыныс жасалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар