Зеренді қаламгерін құрметтеді

 Алматыдан қарт тілші, Зеренді аудандық «Бірлік» («Коммунизм таңы») газетінің бұрынғы қызметкері Олжабай Нұрғалиевтің атына Қазақстан Журналистер одағы мүшесінің билеті келді.

  Жуырда аудан әкімі Асқар Мұратұлының қолдауымен және қамқорлығымен аудан әкімдігінің мәжілісінде 82 жастағы ардагер қаламгерге осы билетті салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі болып өтті. Әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауыл әкімдері түгел жиналған алқалы жиында өңірге танымал баспасөз және мәдениет қайраткеріне осындай лайықты құрмет көрсетіліп, ақсақал көңілі бір өсіп қалды.
Бар саналы ғұмырын Зеренді ауданының дамып-өркендеуіне арнаған Олжабай Нұрғалиұлының есімі Көкше өңіріне де жақсы таныс десек, қателеспейміз. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, партия, мәдениет қызметтерінде де өзін жақсы қырынан танытқан ардагердің 90-ыншы жылдары аудандық баспасөзде өндірте еңбек еткенін жұртшылық әлі күнге дейін жақсы біледі. Осы төңіректе әсіресе, тарихи тақырыптарға мәттақам Олжабай аға  қалам тартып, атын әйгілемеген арыстарымыз бен жақсы-жайсаңдарымыз некен-саяқ.
Бұл орайда, қазақтың көрнекті журналист-жазушысы Сарбас Ақтаевтың
«Олжабай әу бастан басқа қызметті қойып, журналистикамен айналысқанда, одан мықты қаламгер шығар еді» деген сөзінің әбден жаны бар.
Қуаныш иесінің өзі де сөйлеген сөзінде баспасөз саласындағы азды-көпті еңбегін елеп, өзі құнттай қоймаған Журналистер одағының  мүшелігіне өтуіне дәнекер болған осы әріптестес досы Сарбас ағаға жүрекжарды ризашылығын білдіруі тегін емес. Сондай-ақ, ардагердің бүгінгі күнге дейін өз қаламынан туған дүниелерінің бас-аяғын қосып, ел кәдесіне жарату жағын ойлаған  аудан әкімі Асқар Мұратұлына да алғысы шексіз.
Салтанатты жиында осы ауданның тумалары: партия, білім салаларының ардагері, Зеренді ауданының құрметті азаматы
Тельман Мұқышев, қазақ мұсылман әйелдері лигасының мүшесі, ақын Кәбира Сақыпова, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас
редакторы Қайырбай Төреғожа да сөз алып, қаламгерін ескеріп жатқан ауданға өрелі істер өрісін, ал, қуаныш иесіне сеңгірлі сексеннің жылы   шуағын тіледі. Жиынның тағы бір әсерлі тұсы аудан әкімінің келген меймандарға «Зеренді ауданына 80 жыл» мерейтойлық медалін тапсыруы мен облыстық қысқы спартакиадада жақсы өнер көрсеткен аудан спортшыларына сый-сияпат жасауы болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар