Жас патриоттардың академиясы құрылды

Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Шығармашылық коктейль» республикалық театры және көңілділер мен тапқырлар клубы фестивалі аясында үшінші ауысымның жабылу салтанаты өтті.

Еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Бурабай курорттық аймағындағы Щучье көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жыл сайын еліміздің әр өңірінен мыңдаған бала келіп, демалып қайтады.
Сол дәстүр биыл да жалғасын табуда. Жақында үшінші ауысымның жабылу салтанаты өтті. Жиырма күнге созылған ауысымға республикамыздың әр облысынан келген барлығы 300-ге жуық 5-9 сынып оқушылары қатысты.  Осы аралықта республикалық және халықаралық,  облыстық,  қалалық, аудандық өнер мектептерінің театр ұжымдары және жайдарман байқауларының жеңімпаздары, жүлдегер жас актерлерден құралған қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан жан-жақты көрсете білді.
Ауысым барысында жас қазақстандық патриоттардың академиясы құрылды. Ондағы негізгі мақсат балғындардың отансүйгіштігін оятып, патриоттық тәрбие беру. Шараға орталық директоры Мұхитдин Төлепбай, білім беру кешенінің директоры Гүлнәр Шәріпова, спорттық-туристік кешенінің директоры  Ринат Құлмағанбетов және басқалары қатысып, сөз сөйледі.
– Соңғы кездері патриоттық тәрбиенің маңызы артып отыр. Сол себепті,  орталығымызда «Қазақстандық – жас патриоттар академиясы» ашылуының тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы, – деді орталық директоры өз сөзінде.
Ауысымның жабылу салтанатында 300 баланың ішінен таңдалып алынған белсенді 90 балаға «Қазақстандық – жас патриоттар академиясының» куәлігі мен сертификаты және төсбелгісі тапсырылды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар