Өнім сапасы тексерілді

Көкшетау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының экспресс-зертхана филиалымен бірлесіп, орталық базар аумағында «Өнім сапасы – денсаулық кепілі» акциясын ұйымдастырды.

Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні шеңберінде ұйымдастырылған шара барысында кез-келген азамат өздері сатып алған азық-түлікті мобильдік зертханада лаборант мамандардың көмегімен санитарлық-химиялық,  бактериологиялық және паразитологиялық сараптамадан өткізу мүмкіндігіне ие болды.
Акция кезінде тұтынушылар тағам өнімдерінің пайдаланылу мерзімі мен сақтау жағдайлары және тез бұзылатын өнімдер жайлы мәліметтер алды. Осы акция барысында тұтынушылардың шетелдік өнімдерге қарағанда, отандық өнімдерді таңдайтыны, табиғи деп санайтыны белгілі болды.
– Өткізілген акция халықтың өз құқығы жайлы хабардар екенін көрсетті. Жалпы, шара барысында түрлі атаудағы өнімдерден 10-нан  астам сынама зертханалық зерттеуге алынды. Оның негізі күнделікті ас мәзірінде қолданылатын ет және сүт өнімдері, – дейді ұйымдастырушылар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар