Бәсекелестік орта ынталандырылады

Мемлекет әртүрлі тетіктерді, соның ішінде бірқатар активтерді бәсекелі ортаға беру арқылы экономиканың әр саласындағы мемлекеттің ықпалын ықшамдап отыр.

  Бірінші кезекте мемлекеттің қатысуы қажетсіз, ал бәсекелестікті енгізу соңғы тұтынушыға ұсынылатын қызметтердің сапасына әсер етуі қажет салаларға қатысты болып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелі ортаға беру қарастырылған жекешелендірудің 2016 -2020 жылдарға арналған жаңа кешенді жос-пары қабылданды. Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асырудың басты индикаторы 2021 жылы республикалық меншік ұйымдарының 15 пайызын, коммуналдық меншік ұйымдарының 5 пайызын қысқарту болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулысын орындау мақсатында облыстық әкімдіктің 2016 жылғы 18 ақпандағы №А-1/12 қаулысымен Ақмола облысы коммуналдық меншігінің бәсекелі ортаға беруге жататын ұйымдарының тізбесі бекітілді, осыған сәйкес он бір ұйым бәсекелі ортаға беруге жатады. Оның ішінде, 2016 жылы аумақтарды көгалдандыру,  абаттандыру, қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, жолдарды жөндеу, жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 кәсіпорынды бәсекелі ортаға беру жатады («Степногорск –Тазалық» серіктестігі, «Көкше-Жәрдем, «Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары, «Атбасар қаласының жолау-шылар тасымалы», «Көкше қала кадастры» серіктестіктері, «Көкше-Қамқор»).   
Спорт және денсаулық сақтау саласындағы 5 кәсіпорын 2017-2020 жылдары бәсекелі ортаға беріледі. Жекешелендіруге жататын нысандар тізбесі мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында жарияланған, ол ашық, қол жетімді және кез-келген адам ақпаратпен таныса алады. Нысандарды сату тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сату Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің электрондық сауда орталығы арқылы жүзеге асырылады. Жекешелендіру кәсіпкерлікті дамытуға мықты серпін беруі қажет, өйткені, жеке сектор үшін объектілер саны көбейеді және бұрын мемлекеттің қарамағында болған бизнестің жаңа бағыттары пайда болады.
Ақан НҰРҒОЖИН,
облыстық қаржы басқармасы
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар