91 жаста өзі келіп дауыс берді

Облыс орталығындағы  №12 орта мектептегі №35 сайлау учаскесіне сайлаушылар таң сәріден  ағыла бастады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жанат Хасенованың  айтуынша,  мұнда барлығы 2500 адам тіркеліпті. Осындай саяси маңызы зор шарадан 91 жастағы Күлшара Досмағамбетова да қалыс қалмай, сайлау учаскесіне өзі келіп, ел қатарлы таңдауын жасады.
Айта кетерлігі, сағат он бірге дейін мұнда 902 адам дауыс беріп үлгерді. Бұл  халықтың белсенділігінің  жоғары болғанын  дәлелдейді. Сайлауға қатысқан байқаушылар да өз сөздерінде еліміздің азаматтарының саяси шараның мән-маңызын жете түсінгендігін ерекше атап өткендігінің куәсі болдық.
Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар