Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігінде болды.

Қазақстан Президенті сапар аясында осы елдің, сондай-ақ Еуропалық комиссияның басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.  Бельгия Королі Филиппен кездесті. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси және мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі аспектілері сөз болды. Тараптар сондай-ақ, елдеріміздің арасында түрлі саладағы өзара іс-қимыл деңгейі өсіп келе жатқанына тоқтала отырып, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін бірқатар перспективалы бағыттардың бар екенін атап өтті.

* * *
Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесіп, Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

* * *
Еуропалық Комиссия төрағасы Ж.М.Баррозумен болған келіссөздердің қорытындысына арналған брифингтің алдында Нұрсұлтан Назарбаев және Ж.М.Баррозудың қатысуымен  Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімінің жобасы бойынша келіссөздердің аяқталғандығы туралы құжатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжатқа қол қою рәсімі болып өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар