Наурыз көже

 Наурыз мейрамының айшықты белгісі, киелі асы – Наурыз көженің адамзаттың материалдық емес, мәдени мұрасының көрнекті тізіміне және ЮНЕСКО-ның жедел қорғау тізіміне енуі 2013 жылдың елеулі оқиғаларының бірі болды.

  Сөз жоқ Наурыз мейрамының мәнін ашып, мағынасын келтіретін маңызды ас – Наурыз көже. Бұл – Ұлыстың ұлы күнінің киелі асы. Сондықтан, көне заманнан бері осы тағам Ұлыстың ұлы күніне арналып дайындалатын Наурыз мейрамының айшықты белгісі, ұлыс асы болып келді. Қазіргі тойланып жүрген жаңа жылды шырша ағашынсыз елестету мүмкін болмайтыны сияқты, Наурыз мейрамын Наурыз көжесіз қабылдау мүмкін емес.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар