Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындылары туралы хабар

1. 2016 жылғы 20 наурызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы  бо-йынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау болды.
Республика бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 9 810 852 азамат енгізілді, олардың ішінде 7 566 150 адам дауыс беруге қатысты.
Қазақстан Республикасы бойынша сайлаушылардың түпкілікті келуі 77,12 пайызды құрады.
Астана қаласы бойынша келу, шетелде дауыс берген сайлаушыларды ескере отырып, 75,11 пайызды құрады.
Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 116159 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде мынадай дауыстар саны берілді.

Ақмола облысы

«Нұр Отан» партиясы – 311788 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,52 пайызы;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 28489 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,54 пайызы;
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы – 24604 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,51 пайызы;
«Бірлік» Саяси партиясы – 303 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,08 пайызы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1327 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,35 пайызы;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық  партиясы – 11335 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,00 пайызы.
2. Партиялық тізімдерге дауыс берудің қорытындылары бойынша депутаттық мандаттар төмендегіше бөлінді:
«Нұр Отан» партиясы – 84;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 7;
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы – 7.
3. 2016 жылғы 21 наурызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, алтыншы шақырылатын Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау болды.
Сайлаушылар тізімдеріне 446 азамат енгізілді, олардың ішінен 372 адам немесе 83,41 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сайлауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат қатысып, дауыс берудің нәтижесінде барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының хабары бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар