Үздік жасақ бастығы

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік жасақ бастығы» облыстық байқауы болып өтті.  

Шара жеке құрамның кәсіби дайындығын жетілдіріп, заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуын нығайту мақсатында жыл сайын өткізіледі.  Биыл да осы үрдіс қайталанып, өз мекемелерінде іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен үміткерлер «Үздік жасақ бастығы» атағын иелену үшін  сайысқа түсті. Ережеге сәйкес, байқауға бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, әрекеттегі жазасы жоқ барлық ведомстволық бағынысты бөлімшелердегі жасақ бастықтары қатысты.
Алдымен әрбір қатысушы өзін таныстырып өтсе, келесі кезеңдерде Қазақстан Республикасының заңдары мен қылмыстық атқару жүйесі қызметін реттейтін нормативтік- құқықтық актілерді білуі, грамматикалық сауаттылықтары тексерілді. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақта «Динамо» спорт кешені базасында ведомстволық бұйрықта қарастырылған нормативтерді тапсырып, ал, ақтық сында өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен «Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің үздік жасақ бастығы» атағы Степногорск қаласынан келген ЕЦ-166/18 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Жандос Саликовке берілді.   Екінші орынды ЕЦ-166/26 мекемесінің жасақ бастығы Ерболат Айманов иеленсе, үшінші орынды Әсет Сыздықов (ЕЦ-166/24 мекемесі) пен Танат Ибраев (ЕЦ-166/25 мекемесі) өзара бөлісті.
Гүлнәр УСМАНОВА,
 Ақмола облысы бойынша қылмыстық
 атқару жүйесі департаментінің
бөлім бастығы, әділет подполковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар