Бағдарламаның көмегі тиді

Еңбек өтілі көп  жандардың бірімін. Сондықтан, кәсіп игерудің мүмкіндігі туралы айта аламын. Мәселен,  жыл сайын шағын бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде.

Осы орайда, маңызды бағдарламалардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дер едім. Бұл бағдарлама дағдарыс кезінде қабылданып, шағын бизнестің қиын жағдайда жұмыс істеуіне көмектесуде. Бағдарламаға жыл сайын өзгеріс енгізіледі. Мәселен, бұл құжат қабылданғаннан бері үш пакет өзгеріске ұшырады. Кезек төртіншісіне келіп тұр. Мемлекет үшін оның маңыздылығы, шағын және орта бизнес саласының дамуы үшін Үкімет тарапынан тұрақты бақылау жөнінде айтылады.
Сондай-ақ, ауқымды және өңірлік бағдарламалар бар. Мәселен, үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бизнесті дамытуға бағытталған. Кәсіпкерлерге тегін кеңес беретін кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылуда. Үкімет кәсіпкерлердің жұмысын реттейтін заңнаманы жаңартып, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша шаралар қолдануда. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімділігін өз тәжірибемде аңғардым. Мен автокөліктердің техникалық қадағалауымен айналысамын. 2013 жылы 14 пайыздық үстемемен несие алдым. Оның 7 пайызын  даму қоры, қалғанын өзім төлеймін. Бұл қаржыға жүк автокөлігін техникалық қадағалайтын қондырғы сатып алдым. Мұндай қондырғы жүк автокөліктерін техникалық қадағалауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының техникалық қадағалаудан өту мәселесі шешілді. Оның үстіне екі жаңа жұмыс орны ашылды.
Дамудың жаңа саяси бағытының маңыздылығын өз тәжірибелерімде көз жеткіздім. Қолға алынған шаралардың арқасында еліміз экономиканың барлық саласында кәсіпкерліктің дамуына қол жеткізеді деп сенемін. Біздің қол жеткізген табыстарымыз мемлекеттегі қызметтің өзге де салаларына оң өзгерістер әкеледі. Осы бағытта  қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Земфира ЫСҚАҚОВА,
жеке кәсіпкер.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар