Әйелдер кәсіпкерлікке ынталы

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен өткізілген өңірілік кәсіпкерлер палатасының жанындағы «Мен кәсіпкермін» іскер әйелдер кеңесінің  форумында әйел кәсіпкерлердің осы саладағы аяқалысы мен көздеп отырған жаңа межелері сөз болды.

Оған облыстың әр өңірінен келген кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты.  Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов: –  Бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген әйелдердің саны артып, ауқымы кеңейе түсуде.  Оған осы күні өңірдегі 19 ірі өндіріс орындарын әйелдердің басқарып отырғандығы дәлел бола алады. 26 мыңға жуық нәзік жанды шағын және орта бизнеспен айналысса, оның 30-дан астамында әйелдер  басшылық етеді. Өткен жылы әйелдердің қатысуымен жалпы құны жарты миллиард теңгені құрайтын  16 жоба қолдау тапты.
Форумда іскер әйелдер кеңесінің осыған дейін атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлары талқыланды.  Осы орайда, шараға қатысқан аталған кеңестің төрайымы Әмина Әділбекова, «Той-дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, облыстық саясаткер-әйелдер клубының төрайымы Елена Мащинская, «Catreen design» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Кристина Жукова және басқа да іскер әйелдер өз ойларын ортаға салды.   
Шара барысында Ақмола облысының тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылған көрме өтіп, ең белсенді бизнес ханымдар Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар