Бүгінгі таңда облыстың жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарында бірқатар проблемалар жинақталған. Осыған тез арада назар аударып, дұрыс шешімін қарастырмай болмайды.

Бар түйткіл кірісте

Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдар мен өзге де ведомстволардың өкілдері қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Көкшетау қаласының көлік тасымалдау-шылары айтты. Қазір өңірде жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау 225 бағытта жүзеге асырылады. Облыс орталығында 23 автобус бағытына қызмет көрсететін үш автопарк жұмыс істейді. Көлікпен тасымалдаушылардың алдында тұрған проблемалардың ең бастысы – қосымша қаржыландырудың жетіспеушілігі. Бұл тасымалдаушылар компаниясы инфрақұрылымның жағдайына ықпал етеді.
– Бізге түсетін кіріс алдымен, ішкі қажеттілікке жұмсалады. Тұтынушыларымыз бен әріптестеріміздің проблемалары мен қиындықтары аз болуы үшін қолдан келетін бар мүмкіндікті жасаймыз. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды бағыттарды ұзарту жөнінде қала тұрғындарынан жүздеген хат келеді, – дейді жолаушы тасымалдаушылар.  Саяжай бағыттары тек көктем мен жаз айларында ұйымдастырылады. Көлікпен тасымалдаушы кәсіпорындарға тұтынушылардың көптеген өтініштері келіп түседі. Бірақ, олар мұндай бағыттарды ұзарту мәселесін шеше алмайды.  Әлеуметтік маңызға ие жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығынын бюджеттік қаржы есебінен субсидиялау ережесі бар екені белгілі. Тасымалдаушылардың айтуынша, іс жүзінде бөлінетін қаржы жеткіліксіз.
– Субсидиялау жөніндегі мәселенің шешілуі ұзаққа созылады. Оны тек қана тасымалдаушылардың иығына арту дұрыс емес, – деді «Сейнұр» серіктестігінің директоры Райхан Сейдалина. Тағы бір проблема, ол автобус паркінің тозуы. Талаптарға сәйкес, компаниялар әр екі жыл сайын техникаларды жаңартулары қажет. Ал, оларда қаржылық мүмкіндік жоқ.
– Тасымалдаушыларға бұл нарықта жұмыс істеу кепілдігі қажет. Мемлекеттік қолдау, арнайы бағдарлама мен салық жеңілдігі қажет, – дейді «Бастау» серіктестігінің директоры Вадим Кирсанкин. Сауалдар мен ұсыныстар көп айтылды. Мұндай ашық сұхбат қатысушыларға ортақ проблемаларға қатысты өз пікірлерін айтуға және өздері үшін белгілі бір шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады. Бірақ, мемлекеттік органдардың өкілдері салық жеңілдігімен келіспеді.
– Маған өз кірістеріңізді көрсетіп, дәлелдеңіздер… – деді облыстық транспорттық бақылау инспекциясының басшысы Ерболат Ерімбет салық төлемін жеңілдету жөнінде ұсыныс айтқан тасымалдаушыға. Мұндай жағдайда егер лауазымдық пен адамгершілік беделге сүйенсек, жала жабудан гөрі мемлекеттік органдар тарапынан айтылған шенеуніктер ұсынысы нәтижелі қолдау мен түсіністікке ие болар еді. Өңірлік палата ұйымдастырған сұхбат алаңы тасымалдаушыларға пікірлері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік туғызды.
Облыстық кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар