Мигранттар заң бұзады

Көші-қон мәліметтеріне сүйенсек, жыл санап Ақмола облысына алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін азаматтар саны көбеюде. Мәселен, өткен жылы өңірімізде шамамен 30 мыңға жуық мигрант тіркеліпті.

Облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы бөлімшелері 32 660 шетелдік азаматты тіркеуге алса, соның 27 823-і ТМД елдерінен және 4 837-сі өзге шет мемлекеттерден екен. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, олардың біздің елде жұмысқа орналасуы кезінде көптеген заң бұзушылықтар орын алып жатады. Әсіресе, көші-қон заңнамасы сақталмайды.
Атап айтатын болсақ, бекітілген тіркеу ережелері бұзылып, кейбір азаматтар Қазақстанға не мақсатпен келгендерін де білмейді, бостан-босқа сенделіп жүреді немесе заңсыз қызметпен айналысады.
2015 жылы осындай құқық бұзушылықтарға барғаны үшін 4252 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, арнайы тексеру жұмыстары кезінде мигранттарды елімізге шақырып, олардың уақытында кетуіне ешқандай шара қолданбаған 493 жеке және заңды тұлға анықталды. Өздерін Қазақстанда қалдыруды сұрап, аталған департаментке өтінішхатпен келген шетелдіктердің саны 1470 адамды құрады. Соның ішінде 926 мигрантқа осында тұрақты қалуға рұқсат етілсе, 57-сінің өтініші қанағаттандырылмады.

Арман САРМАНОВ,
Көкшетау қалалық мамандандырылған
әкімшілік сотының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар