Ер мен елдің мерейі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру мақсатында облысымызға жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық топ жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Салидат Қайырбекова Көкшетау медициналық колледжінде болып, оқытушылар мен студенттер алдында маңызды құжаттың  басым бағыттары туралы баяндап, қойылған сауалдарға жауап  берді.

Облысымызда сондай-ақ, осы мақсаттағы жұмыс сапарымен болған республикалық ақпараттық тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайырбек Сүлейменов, Жексенбай Дүйсебаев және Жанат Жарасов бірқатар жоғары оқу орындары мен еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын  келелі міндеттер мен дамудың басым бағыттары туралы  әңгімелеп берді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында облысымызда «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы, осы филиал жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық дін істері басқармасы, тағы басқа да бірқатар мемлекеттік  органдар, оқу орындары тарапынан  осы атаулы күнге арналған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Ал, Еңбекшілдер ауданының орталығында жаңа кондитер цехы іске қосылып, осы ауданның Сәуле ауылында жаңа орта мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 

(Елбасы мен ел мерейін асырған осы шаралар туралы
материалдарды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар