Бір сурет сыры

Елбасының қайда барса да, еліне деген сүйіспеншілігі мен халқына деген мейірімін кеңінен таныта жүретінін онымен кездескен әрбір адам ерекше бір ықылас сезімімен айта түсетінін БАҚ-тардан талай көріп, оқып жүрміз.

Ал, Елбасын көзімен көріп, қол алысып амандасқан, оның өз аузынан бір ауыз жылы сөзін естіген адамның мұны  ғұмыр бойы ұмытпасы анық. Бір алқалы жиында Зеренді ауданының  «Викторовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Владимир Андрюхин мінбеде тұрып  сөйлеген  сөзінде Елбасымен егін алқабында кездескенін, сондағы бір ауыз сөзінің осы күнге дейін оған қанат бітіріп, жұмысында жетістікке жетуіне дәнекер болып келе жатқанын толғана айтқан болатын. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында менің есіме осы сәт түсіп, дереу Владимир Яковлевичпен хабарластым. Болмысынан кеңпейіл, қарапайым, өз ісіне берілген нағыз еңбек адамы сөзге қашаннан шорқақ. Сол әдетімен алғашында ыңғайсыз болар деп тартыншақтаса да, шұғыл шаруамен іссапарға кетіп бара жатқанымен, уақытын бөліп, біздің қолқамызды құп алды.
– Сол жылы егін бітік шықты. Мен ғана емес, бүкіл ел мақтанарлық алтын астық қамбаға құйылды. Елбасымыз өзі келіп, егіс алқабын көретін болды. Шаруашылығымызға  келе бермейтін ол кісінің ат басын тірейтінін естігенде, жарғақ құлағымыз жастыққа тимей, ел болып дайындалдық. Күткен шақ та келіп жетті. Елбасын қуана күтіп алдық. Егіс алқабына көңілі тола бір қарап алып, көтеріңкі көңілмен «Володя, осындай астық өсірген нағыз азамат екенсің! Келші, өзіңмен осы алқапта бірге суретке түсейік» деді.
Мына сөзге қуана қасына тұра қалдым. Сол сөзі  күні бүгінге дейін менің  бүкіл өміріме жан азық болып, күш-жігер берумен келеді. Елбасымыз  біртуар тұлға ғой! Тұңғыш Президент күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Лайым, Елбасымыз аман болсын, – деді телефонның әр жақ тұтқасынан. Иә, «бір ауыз сөз таң шолпанын әперер, бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер» деп танымал әншіміз Мақпал Жүнісова шырқағандай, бір ауыз жылы лебіз адамдарды талай жақсылыққа бастайтыны шындық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар