Сол бір әсер

Өз өмірімде Елбасымен алғаш рет «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жаңа  ғимаратының салтанатты ашылуында жүздескен болатынмын.

Кемеңгер тұлғамен бұл кездесу менің жүрегімде ерекше әсер қалдырды. Кейін 8 наурыз–Халықаралық әйелдер күніне орай, Ақмола облысы қыз-келіншектерінің атынан  Ақордада өткізілетін  салтанатты жиынға шақыру алғанда, қатты қуандым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе еді. Елбасымен бетпе-бет жүздесуге жүрексінген кезім де болды. Сол күндері Елбасының алдында сөйлейтін сөзімді жазып, ұзақ дайындалдым. Бірақ,  Нұрсұлтан Назарбаевты көрген сәтте сөзімнің  бәрі ұмытылып қалды.
Президент  бізді ыстық  ықыласпен қабылдады. «Әйел затын көргенде сасып қалатын жайым бар» деп әзілдегенде жиналған әйелдер қауымының жүзіне күлкі ұялады. Кездесу өте жақсы өтті.
Елбасымен әңгіме-дүкен құрып, пікір алмасудың әдемі бір кеші болды. Көпшілік Елбасының танып, азаматтығына, қарапайымдығына тағы бір айқын көз жеткізумен болды.
Әр сөзі терең философиялық мәнге ие. Жанындағы адамның бойында ерекше бір құлшыныс тудыратын адами жарқын  қасиеттері ешкімді бейжай қалдырмады. Осы салтанатты қабылдаудан келгеннен кейін де осы ізгі қасиеттерін сұраған жандарға айтып жүрдім. Осы жүздесу менің ішкі жан-дүниемді барынша байытып, ел басқару әркімнің қолынан келе бермейтін үлкен өнер екенін жете ұғына түстім. Осылайша
Елбасы менің санамда мәңгілік өз ісіне берік, ерекше күш-қуат иесі болып орнығып қалды.

Наталья  ДЕМЕНТЬЕВА,
гуманитарлық-техникалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, «Қазақстан – Көкшетау»
 телеарнасында қазақ тілі сабағын жүргізуші.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар