Әлеуметтік көмек көрсетілді

 «Дәстүр» мейрамханасында «Алтынтау Көкшетау» серіктестігі мен «Алтынтау» бөлімшесі кәсіподағы ұйымы бірлесіп, кәсіпорын ардагерлеріне құрмет көрсетті.

 Шараға 109 зейнеткер қатысты. Серіктестік зейнеткерлерге 18 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті.
– «Алтынтау Көкшетау» серік-тестігінде ардагерлер кеңесі ұйым-дастырылған. Кеңес барлық мәдени іс- шараларға зейнеткерлерді қатыстырып отырады. Cондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып келеді, – деді ардагерлер кеңесінің төрайымы  Зоя Плакущая.
Кеш барысында Көкшетау қаласының №17 орта мектебінің оқушылары мазмұнды  концерт ұйымдастырып,  жиналғандарға ән мен күйден шашу шашты. Концерттік бағдарлама мерекелік дастарханға ұласты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар