Мамыр айында үйленгендер де бақытты

Халық арасында мамыр айында үйленген адамдардың отбасылық өмірі дұрыс болмайды деген түсінік бар. Шынымен де, солай ма?..

Облыстық әділет департаментінің АХАТ және апостильдеу бақылау және қамтамасыз ету бөлімі 2003 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі мерзімде қиылған некелерге талдау жасаған болатын. Мәселен, АХАТ бөлімдерінде 2006 жылдың мамыр айында 266 неке қиылса, бұл отбасылардың 45-і ажырасқан екен. Бұл 20 пайыз шамасында, ал, басқа айлар бойынша көрсеткіш 33 пайызды құрап отыр. Биыл осыдан он жыл бұрын дәл осы айда  некеге тұрған Сыздықовтар, Рооттар және Омаровтар отбасылары өздерінің осы айтулы қуаныштарын атап өтеді. Олардың барлығы үбірлі-шүбірлі, қоғамға сыйлы азаматтар. Отбасын мамырда құрса да, халық арасындағы жаңсақ пікір олардың тағдырларына еш әсерін тигізбеді.
Сонда да, басқа айларға қарағанда мамырда үйленемін деушілердің саны анағұрлым аз. Бұл көпшіліктің мамыр тойлары туралы айтылатын ырымға сенетіндігін көрсетеді. Әсіресе, еліміздің солтүстік өңірлерінде солай. Ал, оңтүстікте тұратын отандастарымыз мұндай нанымдарға көп сене бермейді.

Бота СЕЙФУЛЛИНА,
облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар