Партия қатарына қабылданды

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай, партия қатарына салтанатты түрде жаңа мүшелер қабылданды.

Алқалы жүздесуде сөз сөйлеген партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов есімі әлемге әйгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойындағы азаматтық, қайраткерлік  асыл қасиеттерін сөз ете келе, «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс етті. Ал, денсаулық сақтау саласының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов Елбасымен болған кездесулерін  баяндап берді.
Шара барысында «Үміт» қайырымдылық қорының жетекшісі Бейбіт Башаров мүгедек жандарға көрсеткен қайырымдылық көмектері үшін бір топ адамға «Жыл адамы»  куәлігі мен Алғыс хаттарын табыс етті. Жиын соңында «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай партияның облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовке «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына  25 жыл» төсбелгісін табыс етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар