Елбасын ардақтады, оқырмандар тартты

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбымен ашық есік күні  ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Әнұранмен ашылған «Ашық есік күнінің» басты мақсаты Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқырмандарға Елбасының еңбек жолы және ерен еңбегі туралы мағлұмат беру, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялату, оларға Мемлекет басшысының сан қырлы талант иесі, кемеңгер тұлға екендігін жеткізу болатын.
Оқырмандарды тіркеу бөлімі бұл күні «Төлемақысыз оқырман билеті» және «Досыңды ертіп кел» акциясын ұйымдастырса, абонемент секторында «Кітап қайтару», оқу залында «Ашық кітап қоры» және «Оқырман пікірі блокноты», автоматтандыру залында «Тегін Интернет» шаралары өткізілді. Бұл жолы жабық қордағы кітап-журналдар, сарғайған газеттермен және құжаттармен емін-еркін танысуға  рұқсат етілді. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ, кітапхананың тұрақты оқырмандары осы залдарға кіріп, өздеріне қажетті материалдарды таба алды.
–Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған акциялар қызықты өтуде. Әсіресе, «Досыңды ертіп кел» акциясын ерекше атап өтуге болады. Менің Санжар есімді досым өзінің 1 курста оқитын қарындасын ертіп келіп, тегін оқырман билетін алды.  Мен өзім жабық қорды аралағанды жөн санадым. Ертеде шыққан мерзімді басылымдардан тәуелсіз еліміздің даму тарихымен таныса алдым, – деп өз ойымен бөлісті кітапхананың тұрақты оқырманы, «Көкше» академиясының студенті Әсем Сұлтан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар