Мол мағлұмат алды

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Елбасымызды тану – елімізді тану» атты көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған көрмені алғашқылардың бірі болып облыс орталығындағы балалар көркемсурет мектебінің оқушылары тамашалады. Олар көрменің «Тұңғыш Президенттің музыка өнеріндегі бейнесі», «Тұңғыш Президенттің бейнесі кескіндеме өнерінде», «Тұңғыш Президенттің бейнесі бейнелеу өнерінде», «Тұңғыш Президенттің бейнесі театр сахнасында» және «Тұңғыш Президенттің бейнесі кино өнерінде» атты бөлімдер бойынша ұсынылған маңызды материалдарымен танысып, кітапхана қызметкері Белла Жернакованың әңгімесін зейін қоя тыңдап, алған әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Елбасына арналған кітаптарға ден қойып, тарихи фотосуреттерді, естеліктерді тамашалады.  Көрмеде аталмыш мектеп оқушыларының Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күніне арнап салған суреттері қойылған. Аталған көрмені ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейінгі аралықта көріп, тамашалауға болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар