Ізгі ниет жемісі

Облыстық   дін істері  басқармасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан ерекше үлесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Облыстық  және қалалық діни бірлестіктердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан шарада сөз сөйлеген облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Болат Қасенов Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басым бағыттарын  саралап, басқарманың облыс аумағындағы инфрақұрылымдарды қамтитын жұмыс жос-парымен таныстырды. Сондай-ақ,  ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері де әңгіме арқауына айналды.
Облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлнәр Ораз-
баева Елбасының еліміздегі бейбітшілікті сақтау жолындағы көреген саясатын сөз етті. Ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін идеологиялық жұмыстарды да  күшейту қажет деген тұшымды ой айтты. Сонымен қатар, ислам мен терроризмді бір ұғым деп түсінетін жандарға байланыс-ты ақпараттық-насихаттық шараларды байыптылықпен жүргізуге шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысқан  қалалық «Ғалым» мешітінің имамы Нұрлан Жолтаев Исламда патшаға мойынсұну басты міндеттердің бірі болып табылатынын жеткізді. Өзге елдер де  Нұрсұлтан
Назарбаевты ірі тұлға ретінде тануда. Елбасының жыл сайын халыққа жолдайтын Жолдауларының тарихи маңызы баға жеткізгісіз. Осы орайда, оның сарабдал сая-сатын қолдап, ауызбіршілік пен ынтымақты сақтау мен нығайту басты мақсатымыз болуы тиіс. Көкшетау және Ақмола эпархиясының епис-копы Серапион  еліміздегі әр азамат конфессияаралық келісімді нығайту ісіне өзінің лайықты үлесін қосса, құба-құп болатынын жеткізді. Ол «Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархы Кириллдің  «Қазақстан – тыныштық нүктесі»  деген салиқалы пікірі тектен-тек айтылған емес. Бұл Елбасының ел басқарудағы саясатына  берілген жоғары баға» деп атап көрсетті. Шараға  қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде әрі қарай да өзара  пікір алмасып, толғандырған сауалдарына жауап алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар