Құрылысы аяқталуға жақын

Жантеке ауылындағы  «Ақжол-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысына салынып жатқан 80 орындық балабақша құрылысының құны 107,0 миллион теңгені құрайды.

Мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақша үстіміздегі жылдың шілде айында пайдаланылуға беріледі деп межеленген. 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленетін балабақша құрылысы ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық болып отырғандығы сөзсіз. Бір қабатты ғимаратта 8 оқу бөлмесі, балалардың ойын бөлмесі, асхана және медициналық бөлме бар. Сондай-ақ, телефон, интернет жүйесіне қосылғандығы да тәрбие жұмыстарының сапасына оң әсерін тигізеді деуге болады. Құрылыс барысына, ондағы қарқынды жұмыстарға қарап Жантеке ауылының тұрғындарына көптен күткен балабақшаның пайдаланылуға берілер күні де алыс емес деген үміт бар.
Жалпы, кейінгі уақытта Қорғалжын ауданында шағын және орта бизнесті дамытуға, әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға бет бұрылғандығы қуантады. Әрине, ауқымды мәселелерге инвестиция тарту қажет-ақ. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын, тағы да басқа қаржы көздерін  тауып осындай әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге күш салынса, ол өз кезегінде экономикалық мәселелерді де оң шешуге ықпал етеді.

Жантеке ауылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар